8 қарашаға қараған түні Рудный қаласында жылу трассасында ақау пайда болды. Бұл туралы “Наша газета" жергілікті басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес,, Топорков көшесінде ыстық су атқылап, коммуналдық апат болды. Тұрғындардың айтуынша, бұл жылу жолына жаңа құбырлар төселген.
"Түн ортасына қарай үйлерде жылу болмады", — делінген хабарламада.