Астанада құрылыс алаңындағы кран құлады

935
Adyrna.kz Telegram

Астанада қатты желдің салдарынан мұнаралы кран құлады. Бұл оқиға «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, кранның құлауы желдің күрт күшеюі мен уақытында бекітілмеуінен болған.

«Сарыарка ауданында, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25/4 мекенжайында орналасқан "Рио-де-Жанейро" құрылыс алаңында (жалпы мердігері G-park ЖШС) дауылды желдің әсерінен КБ-405 маркалы  кран құлады. Құрбандар мен жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнына департамент инспекторлары жіберілді. Алдын ала себебі – желдің күрт күшеюі мен кранның уақытында бекітілмеуі», - делінген ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің  берген мәліметінде.

Ресми деректер бойынша, оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылуда.

Пікірлер