14 адам қаза тапты. Сербияда аза тұту күні жарияланды

1067
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС
Фото: ВВС

Бүгін Сербияда аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ВВС мәліметінше, халқы ең көп шоғырланған Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапты.

"Бұл соңғы сан деп үміттенеміз, 14 адам көз жұмды. Біз олардың ішінде бес адамды анықтай алмадық", - деді Вучич қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң.

Апат салдарынан 14 адам қаза тапқан, үш адам жарақат алған.

Вокзал ғимараты 2021 жылы қайта жөндеуден өткен. Алайда 5 шілдеде ресми ашылуы үшін биыл тағы жөндеуден өткен болып шықты.

Сербия билігі сенбі аза тұту күн деп жариялады.

Пікірлер