Қазақстан министрлігі Ресей жағының айыптауын жоққа шығарды

1087
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі  Россельхознадзордың мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті "Россельхознадзордың" мәлімдемесінде айтылған ЕАЭО аумағында өсімдік шаруашылық өнімдерін бақылаусыз жылжыту үшін "көлеңкелі тәртіпті" ұйымдастыру үшін ешқандай шаралар қолданбаған.

“Фитосанитарлық сертификаттарды беру - бұл Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590 «ҚР аумағын карантин нысандарынан және жат түрлерден қорғау ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен қатаң реттелген мемлекеттік қызмет.

Сонымен қатар, фитосанитарлық сертификаттарды алу кезінде карантинге жататын өнімдерді «жалған» компанияларға рәсімдейтін алаяқ қазақстандық компаниялар мәселесі бар. «Жалған» компаниялардың болуы тек Ресей үшін ғана емес, Қазақстан үшін де өзекті, өйткені біздің елімізге ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импорттаушылардың мекен-жайына өнімдер әкелінеді, олар өздеріне импорт жүргізіліп жатқанын білмейді”, делінген хабарламада.

Алайда, бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында шешу мүмкін емес екенін ескеру қажет, бұл мәселені ЕЭК деңгейінде шешу керек.

Пікірлер