"Камала мен Джоның құрметіне арналған". Трамп президенттің сөзінен кейін қоқыс көлігіне мінген

811
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп Байденнің "қоқыс" туралы сөзінен кейін қоқыс таситын көлікке мінген. Трамптың қоқыс көлігіне мінген суреттері БАҚ бетінде жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Саясаткер, президенттікке үміткер Трамп Висконсиндегі Грин-Бэй халықаралық әуежайында артында "Трамп" деген жазуы бар қоқыс таситын көлікке мінген.

"250 миллион адам қоқыс емес", - деді Трамп жүк көлігіне отырар алдында.

Daily Mail газетінде жарияланған ақпаратта саясаткер қоқыс таситын көліктің терезесінен еңкейіп отырып журналистермен сөйлескені айтылған.

"Менің қоқыс таситын көлігім туралы не айтасыз? Бұл көлік Камала мен Джоның құрметіне арналған", - деді ол.

Айта кетейік, АҚШ президенті Джо Байден Zoom желісіндегі бейнеконференция барысында Дональд Трамптың сөзіне түсінік бере отырып, республикашылдың жақтастарын "қоқыс" деп атады. Трамптың өзі де Пенсильвания штатының Аллентаун қаласында өткен митингте сөйлеген сөзінде бұл мәлімдемеге кері жауап берген еді.

"Өтінемін, оны кешіріңіздер. Өйткені ол не айтып, не қойғаны білмейді. Ол Камаладан гөрі мені ұнататынына сенімдімін", - деп әзілдеді Трамп.

Пікірлер