Қазақстан бензин, дизель және авиаотын бойынша әлі де импортқа тәуелді

134
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан бензин, дизель отыны және авиаотын бойынша әлі де айтарлықтай импортқа тәуелді болып шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы, КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Бензин бойынша - 10-15 пайызға дейін, дизель отыны бойынша - 20 пайызға дейін, авиаотын бойынша 40 пайызға дейін импортқа тәуелділік бар», - деп хабарлады сәрсенбіде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚазТАГ редакциясының сұрауына жауап бере отырып.

2022 жылы мемлекет сұйытылған мұнай газын  реттеу кезінде жанар-жағармай материалдарының бағасын реттеуді енгізді, ал 2023 жылы – көтерме сауда нарығына бақылау орнатылды.

Қазақстанның энергетика министрлігі мен бәсекелестікті қорғау агенттігі отын нарығында келесі шараларды қабылдады:

Қазақстанның бәсекелестікті қорғау агенттігі мәлімдегендей, мемлекет нарықта мұнай мен оның өнімдерін реттеу үшін келесі құралдарды қолданады:

  • Ішкі нарыққа мұнай жеткізуді квоталау: Бұл шара отандық нарықты қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
  • Бөлшек және көтерме бағаларды бекіту: Бағаларды нарықтық индикаторларға байланыстырамай бекіту, яғни бұл бағалардың көрші елдермен салыстырғанда 20% -50% айырмашылығын білдіреді.
  • Мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу: Бұл шара ішкі нарықтағы тапшылықты болдырмау үшін енгізілген.

Бұл шаралардың мақсаты – отын нарығын тұрақтандыру мен импорт тәуелділігін төмендету.

«Аталған шаралармен қатар мұнайдың бағасын кері есептеу әдістемесі, Қазақстанның ішкі нарығында мұнай бағасын нарықтық механизмдермен байланыссыз қалыптастыруға алып келеді. Осылайша, мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасының әсері Қазақстандағы бағаларды қалыптастырудың қолданыстағы құралдарымен шектеледі. Мұнай өнімдерінің көршілес елдермен салыстырғандағы бағасының диспаритеті транзиттік көлікпен тұтынудың артуына және заңсыз экспорттың  күшеюіне әкеледі», — делінген агенттіктің мәлімдемесінде.

Аталған жағдайда, өңдеу қуаттарының тапшылығы мен мұнай өндіру көлемінің азаюы мемлекеттік реттеу саясатының нәтижесінде мұнай және мұнай өнімдері нарығында тапшылыққа әкеледі. Бұл, өз кезегінде, мұнай өндіруге, өңдеуге, отын сақтауға инвестициялардың төмендеуі салдарынан мұнай өнімдері нарығының тапшылығына алып келеді.

Пікірлер