Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бензиннің азық-түлік бағасына әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Бензин бағасы өседі деген ақпарат берген жоқпын. Жалпы, өзімнің жұмыс тәжірибеме сүйене отырып айтарым, бензин бағасы азық-түлікке көп әсер етпейді. Себебі азық-түлікті тасымалдауға негізінен дизель отыны ықпал етеді, яғни дизельдің бағасы өссе, бұл өз кезегінде әсерін тигізеді. Бірақ дизель отынының әсері де соншалықты көп емес», - деді С. Жұманғарин.