«Невада-Семей» қозғалысының белсенділері президентке үндеу жолдады

152
Adyrna.kz Telegram

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері мен ардагерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Қазақстан республикасының президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына үндеу

            1989 жылдың 19-қазанында Совет Одағында, планетадағы ең ірі Семей сынақ полигонында соңғы ядролық жарылыс болды, оған биыл 35 жыл толды. 40 жылдық сынақта 468 ядро бомбасы жарылыпты.

Полигон 1989 жылдың 28-ақпанында құрылған «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының қуатты іс-қимылының арқасында Қазақстаннан, Ресейден және басқа республикалардан алғашқы апталарда-ақ өз қатарына екі миллионнан астам белсенді қатысушыны қабылдаған. Қозғалыс жаңа модельді – халықтық және парламенттік дипломатияның өзара іс-қимылын қолдана отырып, жалпыға бірдей ядролық қарусыздануға алғашқы қадам жасай отырып, жетістікке жетті. Біз сол кезде жұмыс істеп тұрған барлық бес сынақ полигонына мораторий қойдыруға қол жеткіздік.

Сол тарихи күндерде халық бірігіп, бүкіл әлемді біздің іс-әрекетіміз бен сөзімізді естуге,  жауап беруге мәжбүр етті.

Бүгінгі тарихи тәжірибені түсіну бізге болашаққа – саналы өзара тәуелділік дәуіріне жол ашуға мүмкіндік береді. Тарих халықтарды жолдың осындай формуласына алып келеді.

Бүгінде «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы жұрт санасында бейбітшілік мұратын бекітуді жалғастырып отыр. Қозғалыстың халықаралық қауымдастық мойындаған еңбегін ескере отырып, оның архиві ЮНЕСКО-ның шешімімен ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік жады» деректі мұрасының Дүниежүзілік тізіміне енгізілді.

Біз 19-қазанды атаулы күн деп санауды және бұл күнді Семей полигонындағы ядролық сынақты тоқтату күні ретінде Қазақстанның атаулы күндерінің күнтізбесіне енгізуді ұсынамыз.

Құрметпен,

Семей ядролық сынақ полигонындағы соңғы ядролық жарылыстың 35 жылдығына арналған халықаралық конференциясына қатысушылар,

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері мен ардагерлері

Пікірлер