Назарбаевпен қызметтес болған саясаткер. Марат Тәжин немен айналысады?

1316
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен ұзақ уақыт қатар қызметтес болған бұрынғы саясаткер Марат Тәжин күтпеген жерден ақпарат кеңістігіне қайта шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Бұрынғы саясаткер қазір әлеуметтану мамандығын оқып жатыр екен. БАҚ 23 қазанда Алматыда Қазақстан және түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының VIII съезі өткенін хабарлады.

Бұл шара Түркітілдес елдер әлеуметтанушылар одағының президенті Марат Тәжиннің жетекшілігімен өткені нақтыланды. Айтуларынша, биылғы шараға қатысушылар тұлғаны анықтау мәселелерін талқылады.

«Бүгінде сәйкестілік ұғымы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы танымал категориялардың біріне айналды. Сәйкестікті социологтар, психологтар, философтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар, лингвистер, экономистер және тіпті маркетологтар да зерттейді. Бұл ұғым бір мезгілде жеке, әлеуметтік, мәдени және саяси құбылыс болып табылады», - делінген мақалада.

Съезге қатысушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау жолдады. ХҚА атынан келген профессор Жан Мари Фриц оның президенті, профессор Джеффри Плейерстің атынан Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығына алғысын білдірді.

Айта кетейік, Марат Тәжин – қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат және саясаттанушы, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты саласындағы негізгі кеңесшілердің бірі ретінде танымал.

Тәжин Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында Сыртқы істер министрі, Президенттің көмекшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы сынды әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 2023 жылы ол бұл қызметтен босатылды.

Пікірлер