Қазақстан күшті әскер жиырмалығына енбей қалды. Өзбекстан 19 орында

383
Adyrna.kz Telegram
Фото: upl.uz
Фото: upl.uz

Америкалық U.S. News & World Report басылымының сарапшылары жасаған әлемдегі ең күшті әскер тізімінде Қазақстан жиырмалыққа енбей қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аталған тізімде Өзбекстанның қарулы күштері 19 орында тұр.

Нью-Йоркте шығатын журналдың рейтингінде барлығы 89 мемлекет ұсынылған. Қазақстан 22 орынға жайғасқан.

Ең күшті әскер рейтингінде Ресей көш бастап тұр. Одан кейін АҚШ пен Израиль келеді.

Үздік ондыққа сонымен қатар:

  • Қытай;
  • Оңтүстік Корея;
  • Иран;
  • Ұлыбритания;
  • Украина;
  • Германия;
  • Түркия.

Егер бұрынғы КСРО елдерін есепке алатын болсақ, онда Өзбекстан тізімнің он екінші қатарында орналасқан Беларуссиядан ғана төмен тұр.

Тізімнің төменгі жағында Жаңа Зеландия, Литва, Люксембург, Латвия және Сингапур сынды елдер тұрды.

Айта кетейік, 2024 жылы Өзбекстан Global Firepower нұсқасы бойынша 2024 жылғы әскери күштер рейтингінде 145 елдің ішінде 65 орынға ие болды. 2023 жылмен салыстырғанда ел үш позицияға төмендеді, бірақ аймақтағы көшбасшылығын сақтап қалды. Қазақстан - 58, Түркіменстан - 83, Қырғызстан - 100, Тәжікстан 107 орында болды.

Global Firepower Өзбекстанның қорғаныс бюджетін 796,8 миллион долларға бағалап отыр. Әскери қызметкерлердің саны 48 мыңды құрайды.

Пікірлер