Белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды

3188
Adyrna.kz Telegram

Белгілі сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті. Қаралы хабарды өнер иесінің балалары жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Анашым Раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын үлкені Ханшайым, Толғанай, кенжесі Сұңқар, жақсы көретін қазақ елі бар. Анамызға деген махаббаттарыңызға рақмет»,—деді олар.

Наурыз айында сазгер өзіне 7-рет күрделі ота жасалғанын айтқан еді.

Пікірлер