Тоқаев Чехия президентін құттықтады

171
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді»,—делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.

Пікірлер