Мәскеудегі комиссия Қазақстанға атом энергетикасы бойынша тапсырма берді

378
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Энергетика министрлігі
Сурет: Энергетика министрлігі

Мәскеуде өткен Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысында Қазақстан тарапына атом энергетикасы саласында тапсырма берілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Комиссия тараптардың атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, оның ішінде ядролық отын айналымы саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті. Комиссия «Росатом» мемлекеттік корпорациясына, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және тараптардың мүдделі ұйымдарына атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бойынша консультацияларды жалғастыруды тапсырды», - делінген комиссия хаттамасында.

Айта кетейік, хаттамаға әлі қол қойылған жоқ. Оның жекелеген тармақтары тараптармен келісіліп жатыр.

Пікірлер