27 қазанда Өзбекстанда Олий Мажлис Заң шығару палатасына және облыстар, қалалар мен аудандардың халық депутаттары кеңестеріне депутаттарды сайлау басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Газета.uz-ге сілтеп.
Дауыс беру учаскелері сағат 08:00-ден бастап, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сайлау өткізу үшін 10 717 сайлау учаскесі дайындалған. Олардың 57-сі әлемнің 40 елінде ашылды.
"Биыл парламенттік сайлау тарихта алғаш рет мажоритарлық және пропорционалдық жүйені біріктіретін аралас жүйе бойынша өтеді", – деп жазады басылым.