АССАМБЛЕЯ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

5314
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Мекепке жол» акциясына белсенді қатысты, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ  баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Білім күні қарсаңында Тараз қаласының «Достық үйі» ғимаратында "Жамбыл облысы бойынша Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мухабат Турдыева ұйғыр этносының бірінші сынып оқушыларымен кездесті. Мухабат Абдрахманқызы балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан мерекемен құттықтап, өзінің жүрек жарды лебізін жеткізді.

– Жаз мезгілінің аяқталуына да санаулы күндер қалды.  Мектепке барар уақыт  жақындап келеді. Қарбалас кезең, алғашқы қоңырау соғылады, кіршіксіз, сыңғырлаған балалар күлкісі үздіксіз естілетін кезең. Қамсыз балалық шақтан, жауапты мектеп өміріне көшу. Осы тұста бүлдіршіндер, сіздер үшін "мектеп" атты жаңа жол ашылғалы тұр. Сіз үшін бұл жол қызыққа және тағылымға толы болсын. Сіздер тек қана жақсы бағалармен ғана емес, сонымен қатар ұқыптылықтарыңызбен мына біздерді  қуантады деп сенемін! Сіздерге ақ жол тілеймін, – деді ол.

Кездесу барысында оқушыларға Достық үйі ғимаратының ішінде және Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мұражайы бойынша танымдық экскурсия жүргізілді. Мұхабат Абдрахманқызы балаларға олардың мәдени мұрасы мен ондағы экспонаттары туралы айтып, балалардың сұрақтарына жауап берді.  Сондай-ақ ол балаларға алғыс хат пен мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзак табыс етілді. Айта кету керек, Мухабат Абдрахманқызы жыл сайын дәстүрлі түрде  бірінші сынып оқушыларын оқу құралдарын алып беріп, мектеп атты кемеге шығарып салады.

Жалпы Қазақстан Халқы Ассамблеясының өңірлік филиалдары арқылы жыл сайын әлеуметтік қолдау ұйымдастырып, әлеуметтік деңгейі төмен отбасылардағы балаларға қол ұшын созуды дәстүрге айналдырып келеді. Мәселен биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынан айрылған оқушыларға 200 млн  теңге көлемінде қайырымдылық  көмек көрсетті.

"АДЫРНА"

ұлттық порталы

Пікірлер