Қарағандылықтарға Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табысталды

113
Adyrna.kz Telegram

Республика күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жалпыұлттық мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті.

Елдің дамуына қосқан үлесі үшін облыстың 44 тұрғынымарапатталды.

Ермағанбет Бөлекпаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері орын алған бірқатар маңызды саяси өзгерістер мен әлеуметтік өзгерістерді атап өтті.

– Біздің аймаққа тікелей әсер еткен кейбір шешімдерді ерекше атап өткім келеді. Бұл металлургия комбинатының бас акционерінің ауысуы және қазақстандық инвесторды тарту. Нәтижелер қазірдің өзінде көрініп келеді. Тек осы жылдың 8 айында ғана зауыттағы өндіріс көлемі 11-ден 21%-ға дейін өсті және онымен шектеліп қалмаймыз. "Қазақстан халқына" қоры біздің өңірде төрт жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетті. Бұл мектептерді жаңғырту және жөндеу, оқу кабинеттерін өзгерту, педагогтарды оқыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген спорт алаңдарын салу және басқа да әлеуметтік жобалар, – дейді облыс әкімі.

Президент Жарлығымен Қарағанды облысының 44 тұрғыны марапатталды. Олар "Парасат", ІІ дәрежелі "Достық", "Құрмет", ІІ және ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерімен, "Ерігі үшін", "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдарымен марапатталды.

Марапатталғандардың арасында жұмысшылар, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, еңбек ардагерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, спортшылар және басқа салалардың өкілдері бар.

Облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі Ольга Кравцоваға "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды. 30 жылдан бері ол ерекше балалармен жұмыс істейді.

– Бұл марапт мен үшін – еңбегімді, балаларға мүмкіндігінше сүйіспеншілік пен көңіл бөлуге деген ұмтылысымды бағалау. Біз 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасаймыз. Олардың біздің орталықта бақытты болғанын қалаймын, – деді Ольга Кравцова.

Дәстүр бойынша салтанатты жиында Қарағанды облысының Құрметті азаматы атағына ие болғандар құрметке ие болды. Бұл Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР құрметті журналисті Екатерина Кузнецова және еңбек сіңірген жаттықтырушы, самбодан спорт шебері Диқанбай Биткөзов.

– Бүгінгі атақ – менің 60 жылдық еңбегімнің жемісі, – деп есептейді 83 жастағы Диқанбай Биткөзов. – Менің көптеген марапаттарым бар: "ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімі", Еңбек Қызыл Ту ордені, Еңбек ері. Менің ойымша, спортта биіктерге жеттім. Осы уақытқа дейін 200-ден астам спорт шеберін, 23 халықаралық деңгейдегі спорт шеберін, 5 әлем чемпионын, 20-дан астам Азия чемпионын дайындадым. Мен әлі күнге дейін жұмыс істеймін және жаттықтырамын.

Жиын облыс әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тағы алты қарағандылықтың еңбегін жоғары бағалады.

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Нұра ауданының "Шахтерское" ЖШС директоры Георгий Прокопқа берілді.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің "Арай" ансамблінің көркемдік жетекшісі Сержан Мұсайын алды.

"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағына Сәкен Сейфуллин атындағы театр актері Кеңес Жұмабеков, ал "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы Облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық орталығының жетекшісі Борис Цхайға берілді.

"Шахтинская" шахтасының үңгушісі Болат Молдайтовқа Президент II дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін, ал "Қазақстан" шахтасының үңгушісі Еркін Ахметовке "Ерлігі үшін" медалін табыс етті.

Пікірлер