Атырауда жасөспірімді қағып өлтірген полицей сотталды

1042
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Атырау облысының аудандық соты жасөспірімді өлтірген полицейге үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облысқа қарасты Қызылқоға ауданының патрульдік полиция инспекторы мотоцикл айдаған жасөспірімді байқаған. Мәлімет бойынша, жасөспірім полицейдің тоқтау сигналына жауап бермей, қашқан. Қуу барысында мотоциклші жолдан шығып, көлігін басқара алмай, жерге құлап түседі.

“Осы сәтте инспектор қауіпсіздік шараларын сақтамай, жол жүру ережелерін өрескел бұзып, жасөспірімді қағып кетеді. Жасөспірім оқиға орнында есін жимастан қаза тапты”, – деп мәлімдеді сотта.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындаған. Сот бұрынғы полицейге 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Пікірлер