Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған қызды топтасып зорлауға қатысты полиция мәлімдеме жасады

149
Adyrna.kz Telegram
Фото: Astana.tv
Фото: Astana.tv

Интернетте кәмелетке толмаған қызды топтасып зорлағаны туралы пайда болған ақпаратқа қатысты полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерден алынған ақпаратқа сүйенсек, қазан айының ортасында Тұздыбастауда ауыр қылмыс орын алған. 18 бен 23 жас аралығындағы төрт жігіт 16 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмысты тергеу облыстық ІІД басшылығының бақылауында» - деді, Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Пікірлер