Бүгін сағат 12 шамасында Алматыдағы Мақатаев көшесіндегі кафе өртенді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
ТЖД күштері бұл жерге қоңырау шалғаннан кейін бес минутта келген. Түтіннің сорғыштан шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырын ашты.
Сағат 12: 52-де өрт оқшауланып, 13:18-де, 280 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Құтқарушылар ғимараттан үш оттегі цистернасын алып шықты.
Кафе әкімшілігі ішінде келушілер жоқ екенін хабарлады.