Астанада 22 жастағы қыздың өлі денесі табылды

150
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Астанада тіршілік белгісі жоқ, 22 жастағы қыздың денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм тұрғын үйдің 24-ші қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Астана қаласының полиция департаменті бүгін сағат 13:23-те Алматы ауданының полиция басқармасына үйдің кіреберісінде тіршілік белгісі жоқ қыздың жатқаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлады.

«Полиция келгеннен кейін 22 жастағы қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз биіктіктен құлаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Пікірлер