Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

289
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алу үшін жаңа талаптарды бекітті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Азаматтыққа қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде кемінде 36 балл, Конституция негіздерін кемінде 9 балл, сондай-ақ Қазақстан тарихын кемінде 15 балл білу көлемі бекітілсін»,— делінген құжатта.

Бұйрық 12 қазанда күшіне енді.

Пікірлер