Ұшқыш та ұрынады. Командир ұшақта қайтыс болды

4441
Adyrna.kz Telegram
Фото: antipotok.ru
Фото: antipotok.ru

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы Сиэтл – Стамбұл бағытындағы рейсін орындау барысында көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, шұғыл жағдайға байланысты әуе кемесі Нью-Йоркте шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Қайғылы оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен танып қалған. Экипаж оған алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, ұшқыштың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ұшақтың екінші ұшқышы шұғыл түрде Нью-Йоркке қонуға сұраныс жасап, Джон Кеннеди әуежайына қонған. Ал жолаушылар Стамбұлға басқа рейстермен жеткізілді.

Turkish Airlines өкілдерінің айтуынша, пилот Пехливан Ильчехин үнемі медициналық тексерістерден өтіп жүрген және денсаулығына байланысты ешқандай мәселе анықталмаған. Денсаулығына байланысты соңғы тексеріс наурыз айында өткен.

Пікірлер