«Сапасыз тауар ісі»: Сот тұтынушының құқығын қорғады

341
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «A» ЖШС-нің 2024 жылғы 21 маусымда Жезқазған қалалық соты шығарған сапасыз тауарды ауыстыру және моральдық зиянды өтеу туралы шешіміне қарсы апелляциялық шағымын қарады.

Талапкер «A» ЖШС-нен тұрмыстық техника сатып алған, бірақ тауар ақаулы болып шыққан. Тауарды ауыстыру туралы дүкенге жүгінгенімен, оған бас тартқан, сондықтан ол сотқа жүгінуге мәжбүр болды. 

Жезқазған қалалық соты талапкердің талаптарын қанағаттандырып, «A» ЖШС-ін тауарды ауыстыруға және сапасыз тауар сатылғаны үшін келтірілген моральдық зиянды өтеуге міндеттеді.

«A» ЖШС апелляциялық шағым түсіріп, тауардың белгіленген стандарттарға сәйкес берілгенін және оны талапкердің өзі бүлдіргенін алға тартты. Алайда сот алқасы істің барлық материалдарын қарап, Жезқазған қалалық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды және жауапкердің шағымын қанағаттандырмады.

Құқықтық аспектілері: 

Іс Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасы негізінде қаралды. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 30-бабына сәйкес, тұтынушы сапасыз тауарды сапалы аналогқа ауыстыруға, сондай-ақ сапасыз тауар денсаулығына немесе әл-ауқатына зиян келтірген жағдайда моральдық залалды өтеуге құқылы.

Осылайша, бірінші инстанция сотының шешімі заңды деп танылды, себебі жауапкер талапкердің тауарды өзі бүлдіргенін дәлелдей алмады.

Пікірлер