ОСК референдумның алдын ала нәтижесін жариялады

196
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясы референдумның алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, референдумға қатысушылардың 71,12 пайызы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын қолдады. Ал дауыс берушілердің 28,9 пайызы қарсы болған.

Айта кетейік, қазақстандықтардың 62,66%-ы дауыс берді.

Пікірлер