Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

896
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Әленов  Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 7 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бауыржан Төлегенұлы 1976 жылы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген.

«Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған, заң ғылымдарының магистрі. 2004 жылы «Фемида» заң институтын, 2012 жылы Қарағанды заң институтының магистратурасын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы жұсысын 1997 жылдың мамыр айында бастады. 

Айта кетейік, бұған дейін ол Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Пікірлер