Референдум барысында екі заң бұзушылық орын алды

814
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беру кезінде екі бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бірінші бұзушылық жеке тұлғаның қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуіне қатысты. Бұл үшін азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылып оған айыппұл салынды. Екіншісі - заңсыз үгіт жүргізген. Азаматтық тұлғаға осы Кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салынды. Екі жағдайда да қылмыскерлер кінәсін мойындады», - деді ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Бекжан Қараманов.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев елдегі әлеуметтік жағдайдың тұрақты екенін айтты. Өрескел тәртіп  бұзу фактілері жоқ.

 

Пікірлер