Облыс орталығында тұратын 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Скаленко Вениамин Пантеллевич облыс тұрғындарынан қалыспай дауыс берді.
- Бүгін біздер үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауы тиіс. Бүгін ұрпағымыздыңболашағы үшін дауыс бердім. Сол үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым, - дейді ардагер.
№447 учаскелік референдум комиссиясы тарапынан үйден дауыс беретін майдангер қартқа бюллетень жеткізіліп, дауыс беруге мүмкіндік жасалды. Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагері батасын берді.