Кандидатурасын Президент ұсынған судья жаңа қызметке тағайындалды

1133
Adyrna.kz Telegram
Фото: sud.gov.kz
Фото: sud.gov.kz

Сенат депутаттары Денис Шипптің Жоғарғы сот судьясы лауазымына кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Денис Шипптің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынған.

Шенеунік 1968 жылы 27 ақпан күні Петропавлда дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша және академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.

Денис Шипп ағылшын тілінен аудармашы, салық полициясының инспекторы қызметтерін атқарған. Петропавл қалалық сотының және Алматы мамандандырылған қаржы сотының судьясы болды.
2011-2015 жылдары Алматы мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болды. Ол Жоғарғы Соттың судьясы қызметін де атқарған.
Пікірлер