АЭС-ке қарсы шыққан. Алматыда бір топ белсенді ұсталды

2234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/kisen-960x500.jpeg?token=44ca03ed889b9d307328ba34a05c36c6
Алматыда АЭС құрылысына қарсы бір топ адам ұсталған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп. Полиция күдіктілердің қамауға алу себебін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп түсіндірген. Басылымның мәліметінше, Алматыда атом электр станциясы құрылысына қарсы 12 белсендінің алтауына тергеу соты 2 айға қамауға санкция берді. Тұтқындалған 12 белсендінің алтауы босатылған. Тұтқындалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал ұсталғандардың адвокаты Төлеген Берліқожа:
«Олар Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1-бөлігі бойынша күдікті, яғни «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» деген айыппен сотталғалы жатыр. Өздері АЭС-ке қарсымыз деп айтқан. Сараптама мен тергеу құпия болған соң, егжей-тегжейлі айта алмаймыз. Сараптама тергеу ісі біткен соң ғана қолымызға түседі», — деп мән-жайды түсіндірді.
Пікірлер