Алтынемелде Латвия азаматтары адасып кетті

791
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысында Алтынемел ұлттық саябағы аумағындағы Ақтауда Латвия азаматтары адасып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеп.

«Ақтауда қорқынышты оқиға орын алды: Латвиядан келген екі турист тіректерін жоғалтып, топпен байланысын үзді, бұл ауқымды құтқару операциясына әкелді», - делінген хабарламада.

Ер мен әйел Қазақстанға туристік агенттік арқылы келіп, сапарын Басши ауылынан 44 шақырым жердегі таудан бастаған.

«Олар жетуге қиын аймаққа тап болып, байланыстан ажырап, қауіпті тау климатына шыдас берген», - деп толықтырды ІІМ.

Іздеу жұмыстарына Кербұлақ аудандық полициясы, төтенше жағдайлар қызметі, орманшылар мен еріктілер жедел жұмылдырылды. Операцияға тікұшақтар мен дрондар да қатысып, аумақты әуеден зерттеуге көмектесті.

Нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары оларды тапты.

Пікірлер