Полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

1850
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/patruldik-policziya-960x500.jpg?token=d989f01176013ca48ca5cfc62b6a8185
Оралда полиция қызметкері әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. "Мой город" басылымының дерегінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйекте сағат 6:15-те Пугачев көшесінде болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен әйелді қағып кеткенін хабарлады.
"Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Көлік арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған мәліметте.
Айта кетейік, көлік жүргізушісі полиция қызметкері болған. Оқиға болғаннан кейін полиция қызметкері Ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды.
Пікірлер