Қарқаралыда індетке байланысты карантин жарияланды

820
Adyrna.kz Telegram

Қарқаралыда малға індет жұғып, карантин жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қарасан қауіпті індетін алғаш анықтаған шаруа иесі бірден мал дәрігеріне хабар бермеген. Сол әрекеті үшін  әкімшілік жазаға тартылды.

Бүгінде 14 ірі қара бас жойылды. Аталған жерден малдың өнімі мен етін шығаруға тыйым салынған.

"Ауруға қарсы іс-шараларды республикалық отряд жүргізеді. Шаруа қожалықта дезинфекциялық жұмыстар жүреді. Ауруға тән мал жасына байланысты екпелер жасалады. Бүгінде өлім тоқтады деп айтса болады", - деді АШМ ветеринариялық бақылау комитеті облыстық инспекциясының жетекшісі Ержан Бекетбаев.

Пікірлер