Қазақстанда 11 мен 13 жас аралығындағы қыздарға папилломавирусына қарсы екпе егу басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімін алғаннан кейін 11 жастан 11 жасқа дейінгі 11 ай 29 күнді қоса алғанда, қыздарға адам папилломавирусына (АПВ) қарсы профилактикалық егу ұйымдастырылсын», - делінген ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.
Сондай-ақ, ата-анасының (заңды өкілдерінің) хабардар етілген келісімін алғаннан кейін 12 жастан 13 жасқа дейінгі 11 ай 29 күнді қоса алғанда, АИВ-ға қарсы вакцинацияны жүргізу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, адам папилломавирусына қарсы профилактикалық екпелерді жүргізу алгоритмі бекітілді.
Қаулы күшіне енді.