АҚШ пен Ұлыбританияның Украинаға қаражат бөлетіні айтылды

709
Adyrna.kz Telegram
Фото: flickr.com
Фото: flickr.com

АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға қомақты қаржы бөледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

1,5 миллиард доллар энергетика мен гуманитарлық көмекті қалпына келтіру үшін беріледі.

AP хабарлауынша, мұндай шешім Киевтегі кездесуде қабылданған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаға 700 миллион доллардан астам қаражат беретінін айтты. Оның 325 миллионы Ресей армиясының зымырандары соққан энергетикалық нысандарды қалпына келтіруге және резервтік энергиямен қамтамасыз етуге жұмсалады. Тағы 290 миллион доллар азық-түлікке, баспанаға, медициналық көмекке және мұқтаж украиндардың біліміне жұмсалады.

Сондай-ақ, жиын барысында Украинаның ресейлік агрессияны тойтару үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды пайдалануға рұқсат беруі де талқыланған.

Пікірлер