Тағы да газ дауы. Ақтаулықтар отын тапшылығына наразы

1369
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz

Ақтау жұрты газ үшін ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.

Төзімі таусылған жүргізушілер сұйытылған мұнай газының тапшылығына шағымданып, сағаттап кезекте тұрғанын айтады.

«Мұнай өндірілетін қалада мынадай жағдай болғаны қалай?! Түнде досым екеуміз бірнеше жанармай құю бекетін айналып өттік, айналада құтырған кезектер бар. LPG TRADE ЖШС-де жалпы талондар бойынша газ бар. Бұл талондар кімде бар?», - дейді жүргізушілердің бірі.

Пікірлер