Оқу жылында мектеп кестесіне жаңа сабақ қосылады

923
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мектепте енді жаңа сабақ пайда болмақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп балалары үшін жаңа сабақтың енгізілетінін айтты.

«Елімізде мектеп оқушыларының оқу бағдарламасына зорлық-зомбылыққа қарсы  «Қауіпсіздік сабақтары» сияқты жаңа шаралар қосылғанын атап өтуге болады» ,  деп хабарлады министрлік.

Қазақстанда 7 859 мектеп бар және оларда 2024-2025 жаңа оқу жылында 3,9 миллион оқушы білім алатын болады. Бірінші сыныпқа баратын 352 мың оқушы алғаш рет мектеп есігін ашады.

Пікірлер