Бишімбаев ісі. Сотталған Байжанов сот үкіміне қарсы шағым түсірді

1156
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Жоғарғы сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың сотталған туысы Байжановтың шағымын қарамақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бақытжан Байжановты 13 мамырда 4 жылға соттаған болатын. Ол Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты күдікті ретінде ұсталып, істі болған еді.

Сот кеңсесі Байжановтың атынан кассациялық шағым түскенін хабарлады. Сот оны сәрсенбі, 4 қыркүйекте қарамақ.

Алайда Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ. Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов хабарлады.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған еді.

Пікірлер