Ақтауда ер адам суға батып кетті

783
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ер адам Каспий теңізіне батып, көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға Ақтаудағы  "Алау" балалар лагерінің жанындағы жағалауда болған. 30 тамыз күні ер адамның денесі табылыпты.

Облыстық ТЖД көз жұмған адамның 1977 жылы туған ер адам екенін анықтап отыр.

"Суға түсуге тыйым салынған жерде ер адам суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады құтқарушылар.

Пікірлер