“Әбіл” фильмі әлемдік премьерасын Пусан халықаралық кинофестивальінде өткізбек

1415
Adyrna.kz Telegram

Отандық “Әбіл” толықметражды көркем фильмі әлемдік премьерасын Пусан халықаралық кинофестивальінде өткізбек. Бұл туралы режиссер Елзат Ескендір жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Фильм кинофестивалдің негізгі конкурстық бағдарламасы – «New Currents» секциясына қатысып, жүлделі орында бақ сынамақ. Фестиваль 2024-жылдың, қазан айының 2-11-і аралығында, Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткізіледі деп жопарлануда.


«Бұл жаңалықпен бүкіл түсірілім тобын құттықтаймын!

Фильм Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Қазақфильм киностудиясында түсірілді. Кинокартинаның дистрибьюторы «Tanaris» студиясы», деп жазды Елзат Ескендір.

Пікірлер