Кепілге босатылған. Павел Дуровқа Франциядан шығуға тыйым салынды

1019
Adyrna.kz Telegram
Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Telegram мессенжерінің негізін қалаған Павел Дуровқа бірнеше айып тағылып, Франциядан кетуге тыйым салынды. Бұл туралы Париж прокуратурасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ол сот бақылауына алынды. Павел Дуров кепілге бес миллион еуро қоюға тиіс», — делінген хабарламада.

Павел Дуров аптасына екі рет полицияға барып, белгіленіп отыруға міндеттелді. Telegram мессенжерінің негізін қалаушыға 6 айып тағылды. Cоның ішінде заңсыз транзакциялар жасау мақсатында онлайн-платформаны басқарғаны үшін айып тағылды.

Дуров 5 миллион еуроға (5,5 миллион долларға) кепілге босатылды. Сондай-ақ ол аптасына екі рет полицияға келіп белгіленіп отыруы керек.

Telegram негізін қалаушы заңсыз транзакциялар жасайтын онлайн-платформаны басқарғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер