Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтетін күн аталды

1077
Adyrna.kz Telegram

2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді деп жоспарланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.

Шақыру туралы өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде қазақстандық депутаттар екі айға парламенттік демалысқа шыққан болатын.

Пікірлер