Астанада автобус жүргізушісі қаққан жүргінші оқиға орнында көз жұмды

1313
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Бас қалада Тұран мен Сығанақ даңғылдарының қиылысында автобус әйелді басып, өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында болғаны анықталды. ПД жарақат алған әйелдің оқиға орнында тіл тартпай кеткенін хабарлады.

«102» нөміріне Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус Тұран даңғылына оңға бұрылған сәтте реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Пікірлер