13 адамның өмірін жалмаған апат. Йеменде заңсыз мигранттар мінген қайық аударылды

1027
Adyrna.kz Telegram
Фото: МОМ / Моника Кириак
Фото: МОМ / Моника Кириак

Йеменнің Таиз қаласында заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып қалды, деп хбарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Нәтижесінде 13 адам қаза тауып, тағы 14 адам із-түзсіз жоғалды. Қайықта Эфиопиядан 25 және Йеменнен екі адам болғаны хабарланды.

"Қайтыс болғандардың арасында 11 ер адам мен 2 әйел бар. Марқұмдардың мәйіттері Дубаб ауданындағы Әл-Шура маңындағы Баб-эль-Мандеб жағасынан табылды", - деп хабарлады БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы.

ХКҰ мәліметінше, Йемендегі миссиясы басшысының орынбасары Мэтт Хубер мигранттардың осы жол бойында кездестіретін қауіп екенін айтады.

"Біз бұл үлкен шығынды қалпына келтіре алмаймыз. Алайда, біз мигранттарды бүкіл сапарында қорғап, қолдау көрсету үшін ұжым болып күш салуымыз маңызды", -деді Хубер.

Заңсыз мигранттардың арасында Қазақстан азаматтарының бар не жоғы анықталып жатыр.

 

Пікірлер