24 тамыз күні магистратураға грант жеңіп алған жас мамандардың тізімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалғанын хабарлады. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.
Жалпы магистратура грантына үміткерлер саны 15 196 адам болған.