Депутат Ермұрат Бапидің жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)

1492
Adyrna.kz Telegram
Сурет: el.kz
Сурет: el.kz

Бір кезде өзін саясаттан кеттім деп жариялаған Болат Әбілов Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жақында ғана Германиядан оралған Ермұрат Бапимен сөйлестім. Берлиндегі «Шарите» клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан «Новичокты» (улайтын зат — ред.) таппады»,—деді ол.

Ермұрат Бапидің өзі жағдайының жақсы екенін мәлімдеді.

«Германиядан диагнозым келді. Енді емделуге баруым керек»,—деп пікір білдірді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Ермұрат Бәпидің жұмбақ дертінің себебін анықтау үшін Германияға барғанын жазған едік.

<

Пікірлер