Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

1084
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорда баспасөзінен
фото: Ақорда баспасөзінен

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

“Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды” делінген хабарламада.

Атап айтқанда, 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

 

Пікірлер