«Сенімді ақтамады». Головкин ҰОК бас хатшысын қызметтен босатты

2337
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ҰОК
Сурет: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитет бас хатшы Жанар Өтешоваға қатысты рәсми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҰОК президентінің бұйрығымен бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек сенімнің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жанар Өтешова бұл қызметке 2024 жылдың 26 ақпанда тағайындалған болатын. Оған дейін жеке коммуникациялық компанияның бас директоры, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің коммуникация департаментінің жетекшісі қызметтерін атқарды.

Пікірлер