"Бассыздық тоқтатылсын". Елімізде жер байлығына қатысты петиция жарияланды

1434
Adyrna.kz Telegram

Елімізде тағы бір петиция жарияланды. Онда мұнай, газ компанияларының құпия келісім-шарттарын қайта қарауға қатысты тақырып көтерілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Петиция мәтінінде шетелдік компаниялармен жасалған келісімдерді қайта қарау керектігі қозғалған.

"Жер байлығымыздың 15% ғана Қазақстанға тиесілі. Бассыздық тоқтатылсын! Петицияға қол қояйық!

Еліміздегі ең үлкен кен орындарын алған әлемдік компаниялармен жасалған құпия келісім-шарттарды қайт қарау қажет. Себебі 30 жылдан бері жер астындағы мұнай, газды алып келген шетелдік компаниялар Қазақстанға пайданың тек 15% ғана беріп отыр. Шетелдік тәжірибеде 50% кем пайда көріп отырған ел жоқ, ал Қазақстан тек 15% алады. Абсурд. Бұл жыл сайын еліміз түсетін бірнеше млрд доллардан қағылып отыр деген сөз. Сондықтан құрметті қазақстандықтар, төмендегі сілтеме арқылы петицияға қол қойып, бассыздықты тоқтатуға өз үлестеріңізді қосыңыздар", - делінген мәтінде.

Пікірлер