Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Джоко Видодоны Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
“Президент Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді” делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі.