Маңғыстау атом зауытын қолдауға 5 миллиард теңге бөлінді

1078
Adyrna.kz Telegram
фото: МАЭК
фото: МАЭК

Маңғыстау атом энергетикалық зауытын (МАЭК) қолдауға үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеп.

Үкімет баспасөзінің дерегінше, қаражат облыстық бюджет арқылы энергетика комбинатын субсидиялауға бағытталатын болады. Бұл кәсіпорынға алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындалуға және энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"2023 жылдан бастап кәсіпорынды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Үздіксіз өндірістік циклды қамтамасыз етуге және жабдықтың тоқтап қалу қаупін азайтуға бағытталған бірқатар негізгі жобаларды іске асыру көзделген. Олар қазандық агрегаттарын, резервтік қорғау және автоматика жүйелерін, сондай-ақ электр энергиясын басқару мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жаңғыртуды қамтиды", –делінген хабарламада.

Пікірлер